Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Мемлекет басшысы АҚШ президентіне көңіл айтты

13 желтоқсан 2021, 18:54

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Azattyq Rýhy «Ақорданың» ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 
Мемлекет басшысы Кентуккидегі жойқын дауылдың салдарынан АҚШ-тың бірнеше азаматының қаза болғаны туралы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

– Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан жақындарынан айырылған отбасыларға қайғырып көңіл айтамын. Табиғи апаттан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Осындай қиын-қыстау сәтте достас АҚШ халқымен біргеміз және климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі жаһандық іс-қимылдарға қосыламыз, – делінген Президенттің жеделхатында.