Ел жаңалықтары

Мемлекет басшысы азық-түлік бағасына қатысты тапсырма берді

  • Мемлекет басшысы азық-түлік бағасына қатысты тапсырма берді

    Мемлекет басшысы азық-түлік бағасына қатысты тапсырма берді

Президент пандемия кезінде азық-түліктің қолжетімділігін және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету керектігін айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бюджеттік шығындарды қайта қарап шығуды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің бүгінгі отырысында президент әкімдер мен министрлерге бюджеттерді қайта қарап, конференциялар, дөңгелек үстелдер, салтанатты шаралардан, сондай-ақ,  консалтингтік және PR қызметтерден бас тартуға тапсырма берді.

"Ол қаржының бәрі эпидемияға қарсы нақты күрес шараларына жұмсалуы шарт", - деді Тоқаев.  

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы пандемия кезінде азық-түліктің қолжетімділігін және баға тұрақтылығын қамтамасыз етуді тапсырды. Халықты жұмыспен қамту мен цифрлық технологияларды дамыту жұмысы да назардан тыс қалмауы қажет.

"Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар кезең-кезеңімен және толыққанды орындалуы шарт. Осы сұрақтар әрбір әкімнің жіті бақылауында болуы қажет", - деп атап көрсетті Тоқаев.

Отырыста мемлекет басшысы мемлекеттік комиссияға екі күн ішінде наурыз-мамыр айларындағыдай қатаң карантин енгізуге қатысты ұсыныстар әзірлеп енгізуді тапсырды. Сонымен қатар, ол зертханалық зерттеулердің тиімділігін көтеруді, ПТР зертханалардың саны мен уақытын арттырып, реагенттер мен шығыс материалдарын үздіксіз жеткізу мәселесін шешуді тапсырды. 




Көрілген: 269    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.06.2020, 19:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31