Ел жаңалықтары

Мемлекет басшысы Жеңіс күнімен құттықтады

  • Мемлекет басшысы Жеңіс күнімен құттықтады

    Мемлекет басшысы Жеңіс күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қымбатты отандастар!Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мейрам – бейбіт өміріміз, азаттығымыз бен жарқын болашағымыз үшін фашист басқыншыларына қарсы сұрапыл соғыста жеңіске жеткен батырларымыздың ерлігі мен даңқының символы.

Ұлы Отан соғысы майданына миллионнан астам қазақстандық аттанып, олардың тең жартысы Жеңіс жолында қаза тапты. 

Адамзат тарихында теңдессіз ерлік жасаған әкелеріміз бен аналарымыздың қажымас қайсарлығы, ерен еңбегі және көзсіз қаһармандығы халқымыздың жадында мәңгі сақталады.            

Биылғы Жеңіс күнін бізбен бірге 665 майдангер мен 100 мыңға жуық тыл еңбеккері қарсы алуда. Олардың ешқайсысы мемлекеттің қолдауы мен қамқорлығынан, қоғамның сый-құрметінен тыс қалмайды.

Соғыс және тыл ардагерлеріне, барша қазақстандықтарға бейбіт тіршілік, зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!  

Жеңіс күні құтты болсын!

2021 жылғы 09 мамыр


BAQ.KZ




Көрілген: 731    Пікірлер: 0

жексенбі, 09.05.2021, 12:14

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30