Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ибрахим Раисидің шақыруымен Иран Ислам Республикасына ресми сапармен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат БОРТ №1 Телеграм-арнасына сілтеме жасап.
«Тегеран қаласында жоғары деңгейде келіссөз жүргізіледі және оның қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады деп жоспарланған. С
онымен қатар Қазақстан Президенті Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеимен кездесу өткізеді«, - делінген жазбада.