Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Мемлекет басшысы шенеуніктердің санын 25%-ға қысқартуға бұйрық берді

01 қыркүйек 2020, 12:06

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда орын алатын жаңа реформа жайлы айтты. Сөзінше, мемлекеттік қызмет саласында шенеуніктердің саны қысқарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Президент мемлекеттік қызмет саласында толығымен жаңарту жұмыстарын жүргізу қажет екенін алға тартты.  

 

«Мемлекеттік қызметкерлердің пандемия кезінде үйден жұмыс істеуге көшуі шенеуніктердің санын қысқарту мүмкін екенін көрсетті. Сол себепті квазимемлекеттік ұйымдар мен мемлекеттік қызметкерлердің санын жедел қысқартуды тапсырамын. Осы жылы олардың санын 10%-ға, келесі жылы 15%-ға қысқартылсын. 2021 жылға қарай жалпы шенеуніктердің саны 25%-ға қысқартылуы қажет», - деді Тоқаев.