Ел жаңалықтары

Мемлекет есебінен нақты кімдердің қарызы өтеледі? Әбдіқалықова жауап берді

  • Мемлекет есебінен нақты кімдердің қарызы өтеледі? Әбдіқалықова жауап берді

    Мемлекет есебінен нақты кімдердің қарызы өтеледі? Әбдіқалықова жауап берді

Премьер-министр орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова нақты кімдердің қарызы мемлекет есебінен өтелетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kzтілшісі. 


ақша


Сурет: inbusiness.kz


Ол үкімет мемлекет басшысының нақты жарлығына байланысты жұмыс істейтінін мәлімдеді.


"Біріншіден, төрт және одан да көп 18 жасқа дейінгі балалары бар көпбалалы отбасылар.  Екіншіден, асыраушысынан айырылуына байланысты төлем алатын отбасылар. Елімізде 600 мыңға жуық осындай отбасы бар. Келесі, мүгедек балалары бар, 18 жастан асқан бала кезден мүгедек балалары бар отбасылар. Базадан осындай отбасылардың кредиті бар-жоғы қаралады",- деді Әбдіқалықова.


Вице-премьер аз қамтылған отбасылар да осы санаттарға кіретінін айтты.


"Аз қамтылған отбасылар заң бойынша атаулы мемлекеттік көмек алып отыр. Бұл көмекті әрбір отбасы мүшесіне шаққанда күнкөріс деңгейінің 70%-іне жетпейтін отбасылар алады. Барлығы базада бар. Жақында ғана атаулы әлеуметтік көмектің жаңа әдістемесі енгізіліп, 240 мыңға жуық отбасы көмек алып отыр", - деді премьер-министрдің орынбасары.


Ол аталған санаттар бойынша 933 мың азамат барын, олардың толық мәліметі тіркелгенін айтты.


"Екінші деңгейдегі банктермен кездесеміз. Әрине, 933 мыңның бәрі бірдей кредит алған жоқ. Тек алғандары бізге белгілі болады. Алдын ала ақпарат бойынша мұндай азаматтардың саны 443 мың деп есептеліп  отыр", - деп сөзін түйіндеді ол.


 

 




Көрілген: 807    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.06.2019, 15:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31