Ел жаңалықтары

«Мемлекет үшін халықтың несиесін жабу онша қиын шаруа емес» - қоғам белсендісі

  • «Мемлекет үшін халықтың несиесін жабу онша қиын шаруа емес» - қоғам белсендісі

    «Мемлекет үшін халықтың несиесін жабу онша қиын шаруа емес» - қоғам белсендісі

Алматы қаласында өткен елдің несиесін кешіру туралы бейбіт шеруден кейін билік тарапы сәл жұмсарғандай рай таныта бастады. Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров қазақстандықтардың несиесін кешіру туралы бастама көтеріп, ел үкіметі салығын уақытылы төлеп келген жеке және заңды тұлғалар үшін кең көлемді несиелік амнистия жариялау қажет деген бастама көтерді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Расын айту керек, қоғам белсендісі Жанболат Мамайдың несиені кешіру туралы бастамасы жұрт арасында түрлі пікір қалыптастырып отыр. Бірі несиені толықтай кешіру мүмкін емес десе, екінші тарап әбден мүмкін екенін айтады. Тек ниет болса жеткілікті. 

Сәбит Рысбаев есімді facebook қолданушысынының айтуынша, ары кетсе 19 млн болатын халықтың қарызын төлеп беруге онша көп ақша кетпейді.

«Осы жылы коронавируспен күреске 6 триллион теңге бөлінді, соңғы 4 жылда банктерге көмек ретінде 5 триллион теңге бөлінді. Енді бүкіл 19 миллион халықтың кредит деген мәселесін біржола кешіре салуға 4.5 триллион теңге кетеді екен. 

Егер біз халықтың кредитін кешірсек халық масылдыққа үйреніп қалады-мыс. Бұны айтып жатқандар мемлекеттік органдар емес мемлекеттен тиын-тебен алатын блогерлер. Сонда жемқорлар үшін бөлінетін триллиондар оларды масылдыққа әкелмейді де, қарапайым халық үшін өмірлерінде бір рет жеңілдік әкелу масылдық екен. 

"Менің салығым неге оның айфонының кредитін жабу керек" деп әрбір салықтарыңның тиын тиынымен есебін алып жүрген адам сияқты бюджетті қызғанбай ақ қойыңдар! Жабылса ұлттық қордан жабылады. Бәрібір кім көрінген қызығын көретін ақша емес пе? Мен мықты экономист емеспін, бірақ мен адаммын. Әрбір адамның ай соңында ішпей жемей ашкөз банктердің пайызы жоғары кредитін жауып жүргенінен хабарым бар. Кредитті жауып бұдан соң тек төлем қабілетіне қарай ғана кредит беру керек деп ойлаймын»,  - дейді жазба авторы.

 

 




Көрілген: 911    Пікірлер: 0

жұма, 18.09.2020, 12:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30