Ел жаңалықтары

Мемлекеттік академиялық филармонияның бұрынғы басшысына қатысты іс сотқа түсті

  • Мемлекеттік академиялық филармонияның бұрынғы басшысына қатысты іс сотқа түсті

    Мемлекеттік академиялық филармонияның бұрынғы басшысына қатысты іс сотқа түсті

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік академиялық филармонияның бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс сотқа түсті. Бұл туралы қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элиманов мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Астаналық сотта мемлекеттік академиялық филармонияның, бұрынғы Конгресс-холлдың экс-директоры Әбдірахмановқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Тергеу материалдарына сәйкес, ол қоластындағы қызметкерлерден қылмыстық топ жасақтаған. Олар 1,8 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдік бар", - деді Элиманов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Ал "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-сында құқықтық қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бейсенбин тергеуге алынды.

"Бұдан бөлек, оның орынбасары Дәуленбаева және Лисовой деген азаматқа қатысты тергеу шаралары басталды. Олар жалған келісімшарттарды рәсімдеу арқылы 450 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырғаны үшін айыпталып отыр", - деп атап көрсетті Элиманов.   

Айта кетейік, бүгінгі брифингте комитет басшылығы бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің ісі бойынша қосымша ақпарат жариялады. Оған сәйкес, шенеунік 500 миллионнан астам теңгені ысырап еткен.



 




Көрілген: 245    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.09.2020, 13:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31