Ел жаңалықтары

«Мен Елжан Біртановты айыптауға қарсымын!»: - Қарақат Әбілдина

  • «Мен Елжан Біртановты айыптауға қарсымын!»: - Қарақат Әбілдина

    «Мен Елжан Біртановты айыптауға қарсымын!»: - Қарақат Әбілдина

Танымал әнші Қарақат Әбілдина бұрынғы денсаулық министрі Елжан Біртановты жақтап, Instagram-дағы парақшасына көлемді жазба қалдырды, деп жазады Paryz.kz.

Әнші Біртановқа жала жабылып отырғанына сенімді. Сондай-ақ жазбасында оны қамауға қарсылық танытып, билікке қарсы шықты.

"Жау алыстан келмейді" деген сөз бар қазақта. Кей жағдайды көріп ішің күйгенде бұл сөзбен келіспеске амалың қалмайды. Қолынан іс келетін азаматты аяқтан шалу, жала жауып, күйе жағу - қазақтың қанына сіңіп кеткен баяғы қасиеті. Ащы да болса шындық. Мұндайға етіміз де үйреніп кетті ме, шімірікпей жаланы жауып келіп отыра беретін жұртқа айналдық. Бүгінде, қазақтың бір азаматы, білікті маман иесі Елжан Амантайұлы Біртанов "жаптым жала, жақтым күйе" дегенге кетіп отыр.

Өзін танимыз. Адалдығын, азаматтығын білеміз. Әкесі де денсаулық саласына еңбегі сіңген құрметті адам. Сондай әкенің аса қатал, қатаң, мықты тәрбиесімен өскен ұлдың ондай әрекетке баратынына сенбейміз. Біртановтай азаматтың "кім жұмыс жасайды, соның аяғынан шалатын әдейі қастандықтың" жемтігі болып кетпесе екен деген тілек. Айды етегіңмен жасыра алмайсың, өз атын жабу үшін бір жақсыны құрбан ететін сұмырай саясат бар елімізде. Сол сұрқия саясаттың кезекті құрбаны ретінде Біртановты көздеп отырғанын көп қазақ іші сезіп, біліп те отыр! Үнсіз қалуға болмайды! Ұлыңды қорға, қолда Қазақ елі! Мен Елжан Біртановты айыптауға қарсымын! - деп жазды Қарақат Әбілдина.

Еске сала кетейік, Біртанов пен оның орынбасары мемлекетке 1,5 млрд теңге шығын келтірді деген күдікке ілінген болатын. Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.




Көрілген: 2265    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.05.2021, 19:00

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30