Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«Мен Туымды мақтан етемін» - қазақстандықтар жаңа акция бастады

23 қазан 2020, 13:42

Қазақстандықтар әлеуметтік желілердегі парақшаларына Мемлекеттік Тудың аясындағы фотосуреттерін жариялап, ерекше акция бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен Туымды мақтан етемін» немесе «Я горжусь своим Флагом» деген жазумен және хештегпен азаматтар әлеуметтік желілерде суреттерін жариялап жатыр. Facebook, Instagram желілерімен қатар YouTube желісінде де осы бастамаға қатысты видео тарауда. Қолданушылардың бірі арнайы видео әзірлесе, енді бірі өлең-жыр арнап, үн қосқан.

«Мөлдір, бұлтсыз ашық аспан күмбезің,

Бейнелеген алтын шапақ күн көзін.

Адалдық пен пәктік көңіл нышаны

Көріп жүрмін көк туымды күнде өзім.

Көгілдір түс мөлдір,таза пәктігім», - деп жыр арнаған қолданушылардың бірі.