Ел жаңалықтары

"Мені тыңдаңыздар, біз бірге болуымыз керек": Шөкеев Шымкентте наразы халықпен кездесті

  • "Мені тыңдаңыздар, біз бірге болуымыз керек": Шөкеев Шымкентте наразы халықпен кездесті



Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев Шымкент қаласында бір көшені тұтастай жауып алған Арыс тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Арыс


Әкім, алдымен, «Ақмешіт» мешітінің алдына жиналған халықтың талап-тілегін тыңдады. Арыс тұрғындары өз кезегінде радиация туралы сыбыстар естігенін айтып, басқа қалаларға көшіруді сұрады. 


«Іріткі салатындардың сөзіне құлақ аспаңыздар. Мені тыңдаңыздар. Біз бірге болуымыз керек. Арыста ешқандай радиация жоқ. Сіздерге Арыста үй салып береді. Кейін оны сату-сатпауды өздеріңіз шешесіздер», - деді Өмірзақ Шөкеев. 


Мұның алдында Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жиналған қауыммен сөйлесіп, кезекте тұрған отбасылардың бәріне бірдей үй беру мүмкін емес екенін айтты.


«Сіздер Шымкенттен үй беруді талап етіп жатырсыздар. Мүгедектер мен табысы төмен азаматтар – 130 мың адам кезекте тұр. Мен оларға бірнәрсе айтуым керек пе? «Мен сіздерге үй бермеймін, орнына Арыс тұрғындарына беремін» деуім керек пе? Олар да адам. Арыс – бұл жақсы қала мен станция. Экономика дамитын болады. Ертеңнің өзінде ол жақта ешқандай әскери заттар болмайды. Жаңа үйлер мен жол салады», - деді ол наразы халыққа. 


Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Арыс қаласы тұрғындарының Шымкенттегі мешіт алдындағы көшені жауып алғаны туралы хабарлаған едік. 


 



 

 




Көрілген: 402    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.06.2019, 15:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31