Ел жаңалықтары

«Менің бір мүшем жоқ...»: «коронавирустан қайтқан» алматылық келіншектің рухы тынышталмаған

  • «Менің бір мүшем жоқ...»: «коронавирустан қайтқан» алматылық келіншектің рухы тынышталмаған

    «Менің бір мүшем жоқ...»: «коронавирустан қайтқан» алматылық келіншектің рухы тынышталмаған

Желі белсендісі Сәуле Алипова facebook парақшасына карантин кезінде болған жантүршіктірер бір оқиғаны баяндады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Копид, көп ит, ковит...?!
Карантин деп үйден шықпаған соң айналада не болып жатқанын білмейді екенсің. Кеше көрші ауылға барып келдім. Естігенімнен есімді жия алар емеспін...

Әлкисса, былтыр екі жас бір-бірін сүйіп үйленіп, бақытты өмір сүріп бастапты. Келіннің аяғы ауырлағанына бүкіл әулет қуанады. Тек кенеттен болған бақытсыз жағдай бұл әулетті күңірентіп, шарасыз күйге түсіріпті...

Аяғы ауыр келіншек есінен танып құлап қалады (екіқабат келіншектердің құлауы жиі кездесетін жағдай). Келіншекті аудан орталығындағы ауруханаға жатқызуға апарады. Ондағылар бізде тіркеуі жоқ, қалада тіркелген екен деп қалаға жібереді. Қаладағы дәрігерлер ешкімнің рұқсатынсыз келіншекке ота жасап, ішіндегі 5 айлық баланы алып тастайды.

Есін жиған келін баласын жоғалтқанын білген соң истерикаға түседі. Оған бір аптадай уақыт ұйықтататын укол салып, тыныштандырып, ұйықтатып отырған. Сонша уақыт тамақ ішпеген организм әлсіресе керек, оған белгісіз тағы ота жасайды...

Соңында келіншек сол отадан өзіне келмей, жантәсілім етеді. Дәрігерлер оны КВ (коронавирус – ред.) жұқтырған деп, туғандарына көрсетпей, темір табытқа салып, көміп тастайды. Шырылдап қалған туғандары мен қайғыдан есін жинай алмай, жан жары не істерін білмей, дал күй кешуде. КВ деп тапқан соң ешқандай жерге шағымдануға болмайды, яғни, құқы жоқ екен...

Қазір жігіттің үйіндегілердің барлығының түсіне келіншек баласын құшақтаған күйі қайта-қайта келіп-кетіп жүр дейді. Келін «Менің денем тесік, ішімдегі дүнием түгел емес, менің бір мүшем жоқ, жоқ», - деп ішін көрсете береді екен...

«Егер ол КВ жұқтырса, қайдан жұққан? Бізді, отбасымызды КВ-ге неге тексермейді? Ота жасап алынған бала қайда? Оның денесін бізге неге бермейді?» деген сұрақты кімге қоярын түсінбей, іштерінде жұтып жүргенге ұқсайды.

Бұл өсек емес. Естіген құлақта жазық жоқ. Мен қорқайын дедім. КВ-тан емес, ауруханаға барып көрінуден», - дейді жазба авторы.

Осы мәселеге қатысты «жаға ұстаған» көп пікірдің арасына «Управление Здравоохранения» деген аккаунттан жауап та жазылыпты.

«Құрметті Сәуле Алипова! Біз қайтыс болған жанның отбасы мен туған-туысының кайғысына ортақтасып көңіл айтамыз. Сіз айтқан жағдай бойынша жүкті әйел Алматы облысы және Алматы қаласындағы клиникаларда стационарлық емдеуге жатқызылған. Ауруханаға ауыр жағдайда түскен. Жүктілігіне байланысты тоқтаусыз құсып, ауыр метаболикалық асқынулармен және covid-19 инфекциясының ауыр формасымен ауырған. 

Өкінішке орай дәрігерлердің 25 күн бойына жүргізген емдеу шараларына қарамастан, науқас қайтыс болды. Науқас covid-19 инфекциясынан қайтыс болған жандарды жерлеу тәртібіне сәйкес жерленді (Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің #35 Қаулысы, 8 қосымшаға сәйкес)», - делінген онда.

Ал одан Нұрлан Қарасай атты азамат: «Отбасында ешкімге жұқпаған ба?» - деп, ал Бота Қанатқызы деген желі қолданушы: «Мүмкін емес қой. Шындыққа жанаспайды. Ол келіншек ауырған болса, отбасындағы мүшелер ше?» - деп сұрап көріп еді, екеуіне де жауап берілмеді.

 

 




Көрілген: 921    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.05.2020, 09:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31