Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«Мерт болды»: Тойда достары көтеріп лақтырған күйеу жігіт еденге оңбай түсті

24 шілде 2022, 12:01

Бейресми мәліметтерде күйеу жігіттің сол сәтте көз жұмғаны жазылған.

Ол кафель төселген қатты еденге қарақұспен түскен, деп хабарлайды Экспресс К.

Жантүршігерлік жағдайдың бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Видеодан достарының отау құрып жатқан жігітті көтеріп алып, жоғары лақтырғаны көрінеді. Бірақ оны қағып алуға шамалары жетпей қалады. Ал биіктен түскен күйеу жігіт желке тұсымен тас еденге құлайды.

Бейресми мәліметтерде күйеу жігіттің сол сәтте көз жұмғаны жазылған. Ал оқиғаның қайда және қашан болғаны әзірге белгісіз.

Желі қолданушылары үйлену тойы кезінде күйеу жігітті аспанға лақтыру дәстүріне тыйым салыну керек дейді.

"Осы қайдан шыққан салт. Мұндай бізде жоқ қой", "Иманды болсын. Осындайды доғарту керек қой", "Ойыннан от шығады деген осы шығар", деп жазды пікір білдірушілер.

Бұған дейін Экспресс К дәл осы жағдайға ұқсас күйеу жігітті достары лақтырып, қағып ала алмай қалғаны туралы жазған болатын.