Метеорология: 7 қалада қолайсыз метеожағдай қалыптасады

04 наурыз 2022, 08:21

Бүгін республиканың 7 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 
 
2022 жылғы 4 наурызда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Нұр-Сұлтан, Алматы, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар және Теміртау қалаларында күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


BAQ.KZ