Ел жаңалықтары

"Мейрамбек ауырғанда неге басқа әншіні әкелдіңдер деп ренжігендер болды": Музарт директоры топтың қызықтары жайлы

  • "Мейрамбек ауырғанда неге басқа әншіні әкелдіңдер деп ренжігендер болды": Музарт директоры топтың қызықтары жайлы

Бұл туралы Алматы арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабалайды.

 
"Музартпен" 2003 жылдан бастап етене жұмыс жасап, музыкалық продюсер ретінде талай әнді жүрекпен жарыққа шығарған Арман Бексұлтанды ды көпшілік жақсы таниды.

"Мейрамбектің де, Сәкеннің де, бәрінің талғамы күшті. Олар әннің сөзіне де, әніне де үлкен сынмен қарайды. Бәрін тексереді.Өңдеуге де мән береді. Жеңіл, шикі нәрсені жақтырмайды. Сондықтан да болар барлық әні көптің көңілінен шығып жатады. Бір кемеде жүзіп келе жатқандықтан жолдары болсын деймін. 40-50 жылдық мейрейтоға жетсін. Олар қазақтың табиғатына сай ән айтады. Қазақтың рухын оятатын ән айтады. "Музарт" секілді топтар тағы да шықса екен деймін. Сонда қазақ эстрадасы дамиды", - деді сазгер Арман Бексұлтан. 

20 жыл ішінде "Музарт" тобы ерекше сахналық образдарымен де ел есінде қалды. Топтың  қазіргі стилі салиқалы, салмақты болғанымен 2000 жылдары нағыз трендте болған киімдерді киді. 

Топтың концерті тележоба форматында онлайн түрде халыққа көрсетіледі. Аталмыш кеште эстрада әншілері топтың әндерін шырқап берді. 

Топ құрылғалы топтың арт-директоры қызметін Ерлан Жүнісбай атқарып келді. Жақында Ерлан мырза Жамбыл облысының әкімдік басқармасына басшылық қызметке кетті.

Ерлан Жүнісбайдың айтуынша, 2000 жылдан бері көрермен назарын аудару үшін қара пиар жасау "Музарттың" тарихында болмаған. Музарт әншілеріне халықтың ілтипаты бір сәтке де азайған емес. 

"Қауесеттер болды. Сенбеушіліктер болды. Бірақ халықтың құрметі жоғалған жоқ. Мейрамбектің ауырған кездері болды. Концертке барсақ, Мейрамбекті танымай басқа әншіні алып келгенсіңдер деп танымай ренжіп жатқандар болды. Жол апатына түсіп қалыпты дегендер болды. Ондай қызықтар да, қиын сәттер де өтті", - дейді Ерлан Жүнісбай.

"Музарт" әншілеріне кезінде талай қыз ғашық болған. Сезімге толы хаттар еліміздің түкпір-түкпірінен келіп жатты.

"Сәкенге де, Мақсатқа да хаттар келмейтін. Маған көп келетін. Сондықтан мен олармен хаттарымды бөлісетінмін. Әрине, әзіл ғой. Бәрімізге хат келіп жатты", - деді Мейрамбек.

Ал Кенжебек Жанәбіловке ғашық қыз онымен видео байланыс арқылы сөйлескенде жылап қалған екен.

"Менің өнеріме ғашық қыздар болды. Бір ағамыздың туыс қарындасы мені сахнаға шыққаннан бастап жақсы көреді екен. Онымен телефонмен сөйлескенде жылап қалған еді", - деп еске алды Жанәбілов. 

Қазаққа Мейрамбектей ұл сыйлаған Бесбаевтың ата-анасы сұхбат берді. 

"Мейрамбектер сахнаға шығып жатқанда қыздар хат жазып, сезімін білдіріп жататын. Үлкен аға-апаларымыз алғысын білдіріп жүрді. Халықтың қошеметіне бөленіп жүргенінінің өзі мен үшін бақыт. Музарт" қазақы қалыпта, қазақтың табиғатына сай әндерді шырқап келді. "Музартқа" халық риза. Топ "Дос Мұқасандай" дәрежеге жетсін деймін", - деді Мейрамбек Бесбаевтың әкесі Әбіләшім Бесбаев. 

"Музартқа қарап қазақ жігіттері өсті. Соларға еліктеп өсті. Ол өтірік емес. Өсе берсін деймін. "Музарт" құрылғалы басқа тілдің әнін айтқан жоқ. Өскен сайын, еңбектері жана берсін", - деп тіледі Мейрамбек Бесбаевтың анасы Жібек Жолдасова.




Көрілген: 383    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.04.2021, 17:36

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31