Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Мейрамбек Бесбаев танымал боксшы Майк Тайсонмен сөйлесті

05 сәуір 2022, 10:08

Әнші Мейрамбек Бесбаев Instagram-дағы парақшасында боксшы Майк Тайсонмен сөйлескен видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Білектің күшімен бүкіл әлемді таңғалдырған аңыз адам Майк Тайсонмен телефонмен сөйлесу сәті түсті. Жүрегі жұмсақ, жаны таза жігіт екен", - деп жазды әнші.

Бесбаев Тайсон да кептер ұстайтынын жазып, "Біздің кептершілер одағының мүшесі десең" деп әзілдеді. 

"Бас аман, бауыр бүтін болып, жақсы күндерде жолығайық. Оразаларыңыз қабыл болсын", - деп аяқтады әнші жазбасын.

Еске салайық, Майк Тайсон - ауыр салмақта өнер көрсеткен америкалық кәсіпқой боксшы, тарихтағы ең танымал боксшылардың бірі.