Ел жаңалықтары

Миллиондаған қаржы: Қазақстанда жалақы алмайтын мәслихат депутаттары шын мәнінде қанша ақша жұмсайды

  • Миллиондаған қаржы: Қазақстанда жалақы алмайтын мәслихат депутаттары шын мәнінде қанша ақша жұмсайды

    Миллиондаған қаржы: Қазақстанда жалақы алмайтын мәслихат депутаттары шын мәнінде қанша ақша жұмсайды

Ел мүддесіне жұмыс істесе де, жалақы алмайды дейтін мәслихат депутаттарына шын мәнінде бюджеттен миллиондап ақша жұмсалады екен. Мәселен, Ақтөбе облысы мәслихатының шығыны 369 миллион теңге болыпты. Ал Қарағанды қаласының халық қалаулылары 2021 жылға осымен екінші жыл қатарынан 70 миллион теңге ақша сұрап отыр. Бір қызығы, депутаттар бюджеттен бөлінген қаржының бір тиынын да жеке мақсатта қолданбаймыз дейді. Қомақты қаражаттың қайда жұмсалатынын "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасының тілшілері анықтап көрді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шығыс Қазақстан облыстың мәслихатының 2019 жылғы шығыны 63 млн 600 мың теңгені құраған. Биыл - 64  млн 700 мың теңге. Ол қаражат мәслихат аппаратының материалдық-техникалық жағдайын қамтамасыз етуге жұмсалған. Сонымен қатар, депутаттардың іс-сапарының ақысы мен сол уақыттағы тәуліктік шығыны қарастырылған. 

"Қазір 2021 жылға қанша қаражат қажет екені қарастырылып жатқанын ғана айта аламын. Биыл елдегі жағдайға байланысты көп жұмыстар онлайн түрде ғана атқарылды", - деді 

 

Ал Қарағандыда осыдан 8 жыл бұрын Бесоба тұрғын үйі құлап, тұрғындардың баспана мәселесі әлі шешілмесе де, қалалық мәслихаттың 27 депутатының жұмысына 70 млн теңге жұмсалған. Дегенмен, халық қалаулылары бұл ақшаның бір тиынын да көрмейміз деп сендірді. Есесіне мәслихат тұрағында тек бір көлік болған соң жеке көлігімізбен жүруге мәжбүрміз дейді. 

Осылайша, 70 млн теңгенің 12 млн теңгесі - аппарат қызметкерлерінің жалақысы, 2 млн 500 мың теңге - өтемақы, 1 млн теңгеден астамы - коммуналдық төлемдер. Ал депутаттардың бір жылдық жұмысына берілетін жалақы 500 мың теңгеден астам, сондай-ақ өзге де қызметтерге, оның ішінде мемлкеттік атып алуларға 35 млн теңгеден астам ақша есептелген.

"Қалалық мәслихатта 30 депутат. Аппарат сол депутатқа істейді. Жылдық бюджет 70 млн теңге. Оның ішінде жалақы, коммуналдық төлем, мемлекеттік сатып алу, жәрдемақы да бар. Жалақыға келсек, біздегі қарапайым бас мамандар 90 мың теңге алады. 

Ал Ақтөбе облысының депутаттарына биыл 369 млн теңге жұмсалыпты. Қазір әкімдік келесі жылға тағы бюджеттен 375 млн теңге бөлуді жоспарлап отыр екен. Биліктегілер бұл облыстағы 12 ауданы мен қаладағы депутаттардың іссапарына, мәслихат хатшылары мен басқа да қызметкерлердің айлығына, тіпті шаруашылыққа қажет құрал-жабдықтарға түгел жұмсалады деп отыр.

 
 

 




Көрілген: 389    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.09.2020, 10:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30