Ел жаңалықтары

Министр фонограммаға толығымен тыйым салуға қатысты пікір білдірді

  • Министр фонограммаға толығымен тыйым салуға қатысты пікір білдірді

    Министр фонограммаға толығымен тыйым салуға қатысты пікір білдірді

Министрінің айтуынша, негізгі мақсат – фонограммаға толығымен тыйым салу. Ал қазіргі нормалар соған кезең-кезеңімен жетудің бір жолы

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова фонограммаға толығымен тыйым салу мәселесіне қатысты өз ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін парламент мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар мәдениет саласына қатысты заң жобасын мақұлдады. Ал бұл құжатта фонограмманы пайдалану мәселесі ескерілген. Атап айтқанда, жарнамалар мен кассаларда концерт кезінде фонограмманы пайдалану туралы хабарлама болуы шарт.

Осы орайда мәжіліс депутаттары министрден фонограммаға толығымен тыйым салуға қатысты жеке ойын сұрады. Мәдениет министрінің айтуынша, негізгі мақсат – фонограммаға толығымен тыйым салу. Ал қазіргі нормалар соған кезең-кезеңімен жетудің бір жолы болса керек.

"Мен өзім біртіндеп фонограммаға тыйым салуды қолдаймын. Бірақ оған біз де, қоғам да дайын болуы керек", – деді Райымқұлова.

Айта кетейік, мәдениет саласына арналған заң жобасында концерт кезінде әншілер тарапынан әдепсіз мінез-құлық көрсету, сахнаға ұқыпсыз күйде шығу, жоспарланған концерттік бағдарламаны орындамау және әдепсіз сөздер бар репертуар таңдау бойынша бірқатар міндеттемелер қарастырылған. Бұның барлығы алдымен концерт ұйымдастырушы мен орындаушы арасында рәсімделетен келісімшартта жазылады. Ал осы нормалар бұзылса, онда әкімшілік жауапкершілік шарасы қолданылады.

Бүгін мәжіліс депутаттары заң жобасын мақұлдап, сенаттың қарауына жіберді.

 




Көрілген: 186    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.09.2020, 13:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30