Ел жаңалықтары

Министр: Жасанды тыныс алуды қажет ететін жағдайы ауыр адамдар саны артып келеді

  • Министр: Жасанды тыныс алуды қажет ететін жағдайы ауыр адамдар саны артып келеді

    Министр: Жасанды тыныс алуды қажет ететін жағдайы ауыр адамдар саны артып келеді

Коронавирус инфекциясы бар науқастар көбінесе стационарлық емдеуді және жасанды тыныс алуды қажет етеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министр коронавирусқа қатысты қазіргі жағдай туралы мәлімдеді. Ол ауруханаларда әлі де орын бар, дегенмен жағдайы ауыр науқастардың саны артуда дейді. 

 

"Науқастарға көбінесе стационарлық емдеу және тыныс алудың жасанды қолдауы қажет. Бүгінгі таңда елімізде стационарлық төсек-орындар шамамен 60 пайызға толды, Алматыда, Нұр-Сұлтанда - 90 пайызға дейін. 348 медициналық мекемеде COVID-19 науқастарын емдеу үшін 26 мың төсек орналастырылды", - дейді министр.

Сонымен қатар, министр алдағы уақытта өкпені жасанды желдету құрылғыларының сатып алынатынын айтты. 

"Ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін республика бойынша ауруханаларда қосымша 10 мың төсек ашу жоспарлануда, оның құрамында механикалық желдеткіш қондырғылары бар реанимация бөлімшелері бар. Жұмыс істеп тұрған вентиляторлардың жалпы саны 3294 бірлікті құрайды. Өткен айда 978 дана сатып алынды. Сонымен қатар, 1 мыңға жуық желдету құрылғысын сатып алу жоспарланып отыр", - деді Цой.

 
 

 




Көрілген: 278    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.06.2020, 12:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31