Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Министр Қазақстанда коронавирустың неліктен күрт өршігенін түсіндірді

23 шілде 2020, 10:40

Маска тағу режимін сақтамастан қоғамдық орындарда жайбарақат жүрген тұрғындардың қатары артқан, дейді Цой

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "Хабар 24" арнасына берген сұхбатында Қазақстанда коронавирустың неліктен күрт өршіп кеткенін айтты.

 

Ол вирустың таралуы жыл соңына дейін, тіпті келесі жылы да қауіпті болуы мүмкін деп болжады. Індеттің таралуын бәсеңдету үшін тұрғындардың әлеуметтік арақашықтықты ұстануы маңызды.

 

Сондай-ақ Алексей Цой вирустың өршу себебі туралы сұраққа жауап берді. Айтуынша, бұған ең алдымен тұрғындардың карантиндік шаралар жеңілдетілгеннен кейін босаңсып кеткені себеп болды.

Маска тағу режимін сақтамастан қоғамдық орындарда жайбарақат жүргендердің қатары артқан, дейді сала басшысы.

sputniknews.kz