Министр Мусин Ердоғанды таң қалдырды

11 мамыр 2022, 02:04

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияда Қазақстан үкіметінің барлық дерлік құрамымен бірге жүр, деп жазады orda.kz.

Туркия презденті Режеп Тайып Ердоған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинмен кездескен кезде оның келбетіне таң қалып, Мусиннің жасын сұраған. Министр Мусин оған түрік тілінде жауап берді.

Еске салсақ, Тоқаев Түркия президенті Ердоғанмен кездесті.

«Анкарадағы Президент сарайында Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті. Мәртебелі мейманның құрметіне құрметті қарауыл сап түзеді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайып Ердоған мінберге көтерілді. Қазақстан мен Түркияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Екі елдің көшбасшылары құрметті қарауыл сапын айналып өтіп, ресми делегация мүшелерін бір-бірімен таныстырды» делінген хабарламада.