Министрлік өрт сөндіруші мамандығы туралы "Бебеу" мультфильмін жарыққа шығарды - видео

21 қазан 2021, 09:47

Төтенше жағдайлар министрлігі авторлық аннимациялық мультфильмін шығарды. Мультфильмде  өрт сөндірушілердің қиын да, қызықты қызметі туралы баяндалады

Мультфильм Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен әзірленген. Оны "Балапан" телеарнасында көрсету жоспарланып отыр. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Оның авторы Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті Қаратау ауданы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Еркебұлан Тасқараев. Ол 2016 жылы авторлық құқық туралы құжатын әділет министрлігінен алған.

Алдағы уақытта шығармашылық ұжым мультфильмнің бірнеше сериясын шығаруды жоспарлап отыр. Бұл сериялар өрт сөндіруші мамандығын танымал ету және төтенше жағдайлардың алдын алу тақырыбында түсірілетін болады.

sputnik.kz