Минус 15 градусқа дейін аяз: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

14 қаңтар 2022, 12:31

"Қазгидромет" РМК-сы 15-17 қаңтар аралығындағы күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Республиканың көп бөлігінің ауа райына, Баренц теңізі аудандарынан келетін циклон әсер етеді.

Соның салдарынан кей өңірлерде жауын-шашын, қар, боран, көктайғақ болады, желдің күші секундына 15-28 метрге жетеді.

Сондай-ақ еліміздің батысы, солтүстігі, оңтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетеді.

17 қаңтарға жақын, түнде батыста 5-13 градус аяз, солтүстік өңірлерде 5-15 градус аяз болады. Ал елдің оңтүстігінде 5 аяз — 5 жылу болады деп болжануда.