Ел жаңалықтары

МИРАС МҰҚАШ «AQTÓBE» ТЕЛЕАРНАСЫ БАСШЫЛЫҒЫНА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

  • МИРАС МҰҚАШ «AQTÓBE» ТЕЛЕАРНАСЫ БАСШЫЛЫҒЫНА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

    МИРАС МҰҚАШ «AQTÓBE» ТЕЛЕАРНАСЫ БАСШЫЛЫҒЫНА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Белгілі журналист, жазушы Мирас Мұқаш«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Танысбайдың бұйрығымен «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы «Aqtóbe» телеарнасының директоры болып тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрайымының орынбасары-Қоғам Басқармасының мүшесі Ержанар Әшейхан мен Ақтөбе облысы əкімінің орынбасары Марат Тоғжанов таныстырды.



Мирас Құлтөлеуұлы Мұқашев 1985 жылы дүниеге келген. Оразаев атындағы Халықаралық журналистика инсититуты, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті журналистика факультетінің теле-радио журналистика кафедрасында оқып, бітірген. Ұзақ жылдар жетекші телеарналарда еңбек етті. Атап айтқанда, еңбек жолын «Хабар» Агенттігі АҚ Алматы бюросының ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар бөлімінің тілші-редакторлығынан бастаған. Кейін агеттіктің Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі, «Қазақстан» РТРК» АҚ Алматы бюросының Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар бөлімінің тілшісі, республикалық "7 Арна", "Нысана" ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар бөлімінің Алматы қаласындағы тілші-редакторы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Алматы бюросының ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар бөлімінің тілшісі, «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ бас сарапшысы. «Хабар» Агенттігі Бас пиар менеджері. (ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі).


Үйленген. Екі ұлы, бір қызы бар. Қазақстан Журналистер одағының сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. «Ақ шағала» прозалық кітабының авторы. «Шабыт» халықаралық фестивалінің дипломанты, Қаныш Сәтбаев атындағы сыйлықтың иегері, «Қазақстанның үздік журналисі» марапатын алған.





 




Көрілген: 391    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.12.2019, 21:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31