Ел жаңалықтары

Митингке шыққан әйелдерге пәтер берсек, күні ертең бәрі көшеге шығады - Дәурен Абаев

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министі Дәурен Абаев атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жасалып жатқан алаяқтықтарға Үкімет кәдімгідей алаңдап қалғанын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алу ісінде алаяқтық жағдайы шынында да, көбейіп барады. АӘК тағайындалатыны хабарлана сала соттарды айырылысу туралы арыздар «көміп тастады». Өткен аптада БАҚ-тан бір отбасы өз баласын балалар үйінен алып кеткені туралы, ал АӘК-ті ресімдеп алғаннан кейін баланы қайта өткізіп жібергені туралы жаңалық оқыдым. Оралда тіпті кейбір адамдардың уақытша Қарттар үйінен қартайған әке-шешесін үйіне алып келгенін естідім. 8 миллион теңге жылдық кірісі бар кейбіреулер нақты табысын жасырған. Сол себепті, Үкіметті бұл жағдайға кәдімгідей алаңдатып тастады. Әлбетте, алаяқтықтың жолын кесіп, ол дертпен күресу керек», - деді Дәурен Абаев «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.


Дәурен Абаев сонымен бірге соңғы уақытта қайталанған көпбалалы аналардың митингіне қатысты пікірін білдірді.


«Алаңға шыққан әйелдер кезектен тыс пәтер беруді талап етіп отыр. Ал бұл талап мемлекеттік көмекті әділетті түрде тарату қағидатын бұзады. Осы акциялардан кейін ол әйелдердің көбінің еңбекке жарамды күйеулері бары анықталды. Сондай-ақ, кейбір акцияға қатысушылардың үйі бары да белгілі болды. Олардың көбінің несиесі төленіп, атаулы әлеуметтік көмек, демеушілік көмек берілуде. Мемлекеттің өз міндеттерін орындаудан бас тартып отырмағанын түсіну керек. Бірақ, қазір қысымға беріліп, митингке шыққандарға пәтер бөліп берсек, күні ертең пәтер қалап, барлығы да митингке шығады. Сондықтан, митингке шыққанына немесе шықпағанына қарамастан, мемлекет көмекті халықтың әлеуметтік осал тобына кезегімен көрсететін болады», - деді Дәурен Абаев.


 




Көрілген: 333    Пікірлер: 0

жұма, 27.09.2019, 10:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Желтоқсан, 10:32
    "Хан Шатыр" жанып кетті
    7 Желтоқсан, 12:07
    Қазақстанда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31