Ел жаңалықтары

Мінездері де ұқсайды: Оралда үшем-сарбаздар Отан алдындағы борышын өтеп жүр – фото

  • Мінездері де ұқсайды: Оралда үшем-сарбаздар Отан алдындағы борышын өтеп жүр – фото

    Мінездері де ұқсайды: Оралда үшем-сарбаздар Отан алдындағы борышын өтеп жүр – фото

Отан алдындағы борышын өткеріп жүрген ақтаулық үшемдер көктемгі шақыру кезінде әскер қатарына қабылданған
Ұлттық ұлан әскерінің тарихында алғаш рет ағайынды үшемдер Отан алдындағы борышын атқарып жүр. Олар Орал қаласындағы әскери бөлімде қызмет етуде.

18 жастағы ағайынды Ақарыс, Бекарыс және Жанарыс Зеккеновтер көктемгі әскерге шақыру кезінде сарбаздар қатарына қосылған. 

© PHOTO : ТАЛАНТ КУСАЙЫН
Ақарыс, Бекарыс және Жанарыс Зеккеновтер

Олар қазақстандық заманауи "Болашақ" академиясы колледжін "Су көлігін пайдалану" мамандығы бойынша бітірген түлектер.

Жігіттер әскери қызметке шақырту алған кезде бір-бірінен бөлмеуді өтінген. Әскери комиссариаттағы қызметкерлер олардың мұндай өтінішіне бей-жай қарамаған. Қазір ағайынды Зеккеновтер бір бөлімде қызмет етеді.

"Әскерде қызмет ету біздің балалық арманымыз болды. Отанды қорғау &ndash бұл әрбір азаматтың қасиетті борышы және парызы", &ndash дейді үшемдер.
Бір қызығы ақтаулық үшемдердің сыртқы түрлері ғана өзара ұқсас емес. Психологиялық тест тапсыру нәтижесіне қарап Зеккеновтер мінезінің сәйкестігіне психологтар да таңғалады. 


© PHOTO : ТАЛАНТ КУСАЙЫН
Зеккеновтер мінезінің сәйкестігіне психологтар да таңғалады

Ал бауырластардың өздері бұған бұрыннан үйренген. Мектепте бәрінің бағалары бірдей болған. Бір ғана айырмашылық &ndash Ақарыстың бойы ағаларына қарағанда төрт сантиметрге ұзын.

Оқи отырыңыз: Ұйқастырып қоюға тырысады: қазақтар егіздерге қандай ерекше есім таңдайды?

Әскерде жүрген жігіттер дене шынықтыруда бірдей нәтижелер көрсетеді. Өйткені олар әскерге келгенге дейін спортпен белсенді айналысқан. Бекарыс пен Ақарыс "каратэ-до" секциясынан қатысса, Жанарыс &ndash самбо күресінен спорт шеберіне үміткер. 


© PHOTO : ТАЛАНТ КУСАЙЫН
Жігіттердің физикалық жаттығуларды орындауы көңіл көншітеді

Қазір ағайындылар Оралда қоғамдық тәртіпті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет етуде. 


© PHOTO : ТАЛАНТ КУСАЙЫН
Зеккеновтер жоғары заңгерлік білім алып, құқық қорғау органдарында жұмыс істеуді жоспарлап отыр

Әскерден кейін ағайынды Зеккеновтер туған жері Ақтауға барып, жоғары заңгерлік білім алуды және елдің құқық қорғау органдарында жұмыс істеуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Sputnik Қазақстан егіз Қасымхановтардың өмірі мен қызметі туралы жазған болатын: 23 жастағы Ербол мен Ерлан астаналық полиция бөлімінде учаскелік полиция қызметкері болып жұмыс істейді.

 sputnik.kz




Көрілген: 422    Пікірлер: 0

сенбі, 17.10.2020, 13:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31