Ел жаңалықтары

Мойнына пышақ сұғып алса да, қылмыскерді ұстаған полицей «Айбын» орденін алды

  • Мойнына пышақ сұғып алса да, қылмыскерді ұстаған полицей «Айбын» орденін алды

    Мойнына пышақ сұғып алса да, қылмыскерді ұстаған полицей «Айбын» орденін алды

  • Мойнына пышақ сұғып алса да, қылмыскерді ұстаған полицей «Айбын» орденін алды

    Мойнына пышақ сұғып алса да, қылмыскерді ұстаған полицей «Айбын» орденін алды

Өскемен қаласының полиция қызметкері Нұржан Кәкеев пышақ жарақатын алса да, қылмыскерді қолға түсірген. Осы ерлігі үшін ол Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан II дәрежелі «Айбын» орденін алды, деп жазады ҚазАқпарат .

8 ақпанға қараған түні Өскемен қалалық полиция басқармасының патруль полицейлері Нұржан Кәкеев пен Бекарыс Әбдолданов көпқабатты үйлердің біріндегі тыныштықтың бұзылуы туралы шақырту алған. Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер подъездің ішінде ішімдік ішіп, қатты сөйлеп тұрған екі адамды көрді. Оларға тәртіп бұзғанын түсіндіріп, шу шығармауды өтінген. Осы уақытта жігіттердің бірі Нұржанның мойнын пышақпен жаралап, қаша жөнелді.

«Жігіттердің жасы 25-30 шамасында. Жарақат алсам да еш ойланбастан қуа жөнелдім. Подъезден шыға салысымен қаруланған тәртіп бұзушы қайтадан шабуыл жасамақ болды. Сол кезде әріптесім екеуіміз резеңке таяқпен қолындағы пышақты қағып түсірдік де оны құрықтадық. Көп ұзамай екінші жігіт де ұсталды. Атыс қаруын қолданбаған себебіміз – далада өзге адамдар жүрді. Оқ басқаға тиіп кетуі де ықтимал еді», - дейді Нұржан Кәкеев.

Полиция қызметкерінің ерлігі еленіп, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі берілген. Сондай-ақ 6 мамыр күні ол Ақордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан II дәрежелі «Айбын» орденін алды.

«Құқық қорғау органында қызмет етіп жүргеніме 2 жылдан асты. Шынымды айтсам, бала күнімнен полицей болуды армандайтынмын. Құдайға шүкір, қазір сол мақсатым орындалды. Жұртқа пайдам тиіп, елдің ризашылығын алған сәттерде одан сайын шабыттана түсемін», - дейді сақшы.




Көрілген: 587    Пікірлер: 0

жұма, 07.05.2021, 19:14

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30