Ел жаңалықтары

МСҚ азаматтардың статусын анықтайтын плагинді қолданысқа енгізді

  • МСҚ азаматтардың статусын анықтайтын плагинді қолданысқа енгізді

    МСҚ азаматтардың статусын анықтайтын плагинді қолданысқа енгізді

Медициналық сақтандыру қоры тұрғындардың сактандыру жүйесіндегі мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін арнайы жобаны іске қосты. Аталған плагин арқылы кез-келген азамат сақтандыру жүйесіндегі мәртебесін анықтай алады, деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалы.


Хабарламаға сүйенсек, статусты анықтау үшін www.fms.kz сайтына кіріп, ЖСН енгізу қажет. Нәтижесінде әркім өзінің сақтандырылған-сақтандырылмағанын біле алады. Сонымен қатар, жүйе арқылы азаматтар жұмыс берушілер аударып жатқан төлемер жайында да толық мәлімет ала алады. Жобаның басты мақсаты – халықтың уақытын үнемдеп, сұранысқа сай жүйені барынша ыңғайландыру.


«2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда МӘМС жүйесі басталады. Осы уақытқа дейін тұрғындар тегістей дерлік сақтандыру жүйесіндегі статусын анықтап алуы керек. Сақтандырылмаған азаматтар кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетіне енген қызметтерді пайдалана алады. Ал, МӘМС пакетіне енген медициналық көмек түрлері сақтандырылған азаматтарға ғана көрсетіледі», делінген хабарламада.


Әзірлеушілердің пікірінше, әмбебап жүйені алдағы уақытта барлық интернет-русурстар арқылы пайдалануға мүмкіндік тумақ. Ол үшін қызығушылық танытқан сайт иелері плагинды орнатуы тиіс.


МСҚ Алматы қ. филиалының баспасөз қызметі 




Көрілген: 323    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.10.2019, 19:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Желтоқсан, 12:07
    Қазақстанда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31