Ел жаңалықтары

МСҚ жеке ақпараттық жүйесін сынақтан өткізіп жатыр

  • МСҚ жеке ақпараттық жүйесін сынақтан өткізіп жатыр

    МСҚ жеке ақпараттық жүйесін сынақтан өткізіп жатыр

Медициналық сақтандыру қоры «Saqtandyrý» ақпараттық жүйесін әзірлеп шықты. Медициналық қызметті пайдаланушылардың мәртебесін автоматты режимде анықтауға мүмкіндік беретін жүйе қазір Қарағанды облысындағы нобайлы жоба шеңберінде сынақтан өткізіліп жатыр. Бұл туралы «Әеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы хабарлады.


«Сақтандыру жүйесі енгізілгеннен кейін міндетті түрде медициналық қызметке жүгінушілердің статусын анықтау қажет болмақ. Емханалар мен клиникалар пациенттің сақтандырылған-сақтандырылмағаны туралы ақпарды осы «Saqtandyrý» жүйесінен алатын болады. Сол арқылы оған қай пакет шеңберінде қызмет көрсетілетінін анықтайды», - деді МСҚ Алматы филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев.


Қалалық филиал таратқан хабарламаға сүйенсек, ақпараттық жүйе енгізілгеннен кейін пациенттер үшін қосымша қиындықтар туындамайды. Олар емханаға барған кезде бұрынғыша жеке куәлігін көрсетсе жетіп жатыр.


Қарағанды облысында тұратын 1,4 млн тұрғынның 549 мыңы – ресми түрде жұмыс істейтін азаматтар. Тағы 2,5 мың адам бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлейді. Олардың бәрі мемлекет тарапынан сақтандырылатын 15 санатпен бірге МӘМС жүйесіне қатысушы болып табылады.


Естеріңізге сала кетсек, сақтандырылғандар тізіміне енген қарағандылықтар профилактикалық тексерулерден өтуге мүмкіндік алады. Сондай-ақ, сақтандыру пакеті арқылы инсульт, инфаркт алған, ауыр жарақаттанған немесе күрделі операция жасатқан пациенттерді медициналық оңалту қарастырылған.


Барлық сынақтардан кейін «Saqtandyrý» ақпараттық жүйесі толығымен қолданысқа енеді. Жүйе толыққанды жұмыс істеуі үшін түрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен ықпалдастырылады.




Көрілген: 670    Пікірлер: 0

жұма, 06.09.2019, 12:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 23:01
    Бұл ту – фейк!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30