Ел жаңалықтары

Мүфтият жұма намазына өзгеріс енгізді

  • Мүфтият жұма намазына өзгеріс енгізді

    Мүфтият жұма намазына өзгеріс енгізді

Бүгіннен бастап Қазақстанда көпшілік шараларға, соның ішінде мерекелік, спорттық, мәдени-көпшілік шаралар, конференциялар, семинарлар мен көрмелерге тыйым салынып отыр

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавирустың жамағат арасында таралуының алдын алу шарасы ретінде жұма намазына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады басқарманың ресми сайты.

Діни басқарманың мәлімдемесі бірнеше шарттан тұрады. Олар:

  • Жұма намазынан бұрын айтылатын 30 минуттық уағыз 20.03.2020 жылдан бастап уақытша тоқтатылады;
  • Намаз уақыты кіре сала азан айтылады, 4 ракағат сүннет өтеліп, жұма намазының 2 ракағат парызы қысқа сүремен оқылады;
  • Жұма намазының парызынан кейін оқылатын 4 рәкағат сүннетті үйде оқуға кеңес береміз;
  • Намаздан кейін тәсбих тартылмайды, Құран оқылмайды, имам қысқа дұға жасайды;
  • Намаздан кейін жамағат қол беріп "Жұма қабыл болсын" деп амандаспайды;
  • Мешітке бетперде (маска) киіп келу;
  • Намаздан кейін көп кідірмей мешіттен шығу;
  • Жұма намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу;
  • Жұма намазға денсаулығы жарамайтын қариялар, науқастар мен әйелдердің қатыспағаны абзал;
  • Ауа-райы қолайлы аймақтарда жұма намазын мешіт ауласында оқуға рұқсат.
  • "Барша мұсылман қауымын осы жағдайларға түсіністікпен қарауға шақырамыз. Бұл мәлімдеме ағымдағы жылдың 13 наурызынан бастап күшіне енеді", - делінген ресми хабарламада.

Тоқаевтың тапсырмасы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирустың пандемияға айналғанын мәлімдеді. Себебі ауру әлемдік ауқымда таралып кетті. Осыған байланысты кеше, 12 наррыз күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы қоғамдық шаралардың уақытша тоқтатылатынын мәлімдеді. Ал коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қосымша шараларды әзірледі.

 

Коронавирусқа байланысты қолданылатын шаралар
© SPUTNIK /
Коронавирусқа байланысты қолданылатын шаралар
Уақытша шектеу шараларының нақты мерзімі жоқ. Оны эпидемиологиялық жағдай жақсарғанда алып тастайды.


sputniknews.kz




Көрілген: 281    Пікірлер: 0

жұма, 13.03.2020, 10:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 10:36
    Өскеменде жарылыс болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30