Мұхамедиұлының баспасөз хатшысы оның қамауға алынғанын жоққа шығарды

29 мамыр 2022, 13:15

Таңертең телеграм-арналарда түнде елорданың тергеу соты бұрынғы мәдениет және спорт министрін 2 ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарғаны жөнінде ақпарат тарады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

"Қазір Арыстанбек Мұхамедиұлы ауруханадан шығып, үйінде ем қабылдап жатыр", - дейді экс-министрдің баспасөз хатшысы Айдар Қырықпай.

 

Еске салсақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 146 миллион теңгені жымқырды деген күдікпен ҚР Ұлттық музейінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеуді бастаған болатын.