Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Мұхтар Әбілязовтың сыбайласы Грузиядан елге қайтарылды

30 қазан 2020, 11:33

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитеттің жәрдемдесуімен Грузиядан «БТА Банкі» АҚ-ның бұрынғы басқарушы директоры Асылмұрат Рамазановты экстрадициялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол 249 млрд теңгеден астам сомаға БТА Банкінің активтерін Мұхтар Әбілязовтың ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастығы мүшелерімен бірлесіп ұрлағаны үшін іздестірілген болатын.

 Қылмыстық жауаптылықтан жалтару мақсатында Рамазанов Қырғыз Республикасы азаматының жалған төлқұжатын пайдаланып, Грузия аумағында жасырынып жүрген.

Алайда қазақстандық құқық қорғау органдарының грузин әріптестерімен үйлесімді жұмысының арқасында ол Грузия ІІМ ұсталынды.

Қазіргі уақытта Рамазанов Алматы қаласы тергеу изоляторына қамалды.