Ел жаңалықтары

«Мұқағали» фильмі халықаралық фестивальдің арнайы жүлдесіне ие болды

  • «Мұқағали» фильмі халықаралық фестивальдің  арнайы жүлдесіне ие болды

    «Мұқағали» фильмі халықаралық фестивальдің арнайы жүлдесіне ие болды

Белгілі режиссер Болат Қалымбетов түсірген «Мұқағали» фильмі «Темные ночи» атты 25-ші Таллин кинофестивлінде (PÖFF) экуменикалық қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды  Қазақфильм. 

 
Бұл туралы фестиваль ұйымдастырушылары «Эстония» концерт залында өткен шараның жабылу салтанатында жария етті. 

«Фильмнің поэзиялық тілі мен ерекше көркемдігі адам жанын ерекше сезімге бөлейді. Нағыз рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған кинотуынды», - деді Эстонияның діни ұйымдары өкілдері кірген экуменикалық қазылар алқасы. 
Айта кетсек, қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған кинотуынды аты аңызға айналған ақын өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды. Фильмнің сценарийін белгілі жазушы Жүсіпбек Қорғасбек режиссер Болат Қалымбетов және Ғазиз Насыровпен бірге жазды. Аталған кинотуынды осы жылы 21 қазанда прокатқа шыққан болатын.




Көрілген: 512    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.11.2021, 15:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31