Ел жаңалықтары

Муляжбен баланы босандыру: Шығыс Қазақстанда студенттердің әзілі жанжалға ұласты

  • Муляжбен баланы босандыру: Шығыс Қазақстанда студенттердің әзілі жанжалға ұласты

    Муляжбен баланы босандыру: Шығыс Қазақстанда студенттердің әзілі жанжалға ұласты

Шығыс Қазақстанда медицинада оқитын студенттердің қалжыңы жанжалға айналды. Қыздар әйелдің муляжынан бала босандыру сәтін түсіріп, оны күлкіге айналдырады. Кейбір желі пайдаланушылары болашақ акушерлердің қылығы ерсі екенін айтып, оқудан шығаруды талап етуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ал кейбіреулері бұл қылықтарынан оғаштық көрсе де, олардың оқудан шықпауы үшін петиция жазып беруге дайын. 

Өскемендегі пабликтердің бірінде жарияланған видеода студент қыздар муляж арқылы балалы босандыруға тырысады. Алайда олар бұл істерін күлкіге айналдырады. Автор видеоның дыбысын өшіріп тастаған. Соған қарамастан жағымсыз пікірлер қардай борады. 

“Кейін осылай жұмыс істейтін бола ма?”,  “Осындай әрекеттен соң, дәрігерлерді жек көретін болады”, “Не қылық көрсетіп тұр? Өзін дұрыс ұстаса қайтеді?”, “Мына қыздан қандай акушер шығады? Сөзім жоқ”, “Бұл жай әзіл деп үміттенемін” дейді желі қолданылушылары. 

Интернет қолданушылары ашуланып, студенттерді жазалауды, тіпті шығаруды талап етуде. Алайда, "кейіпкерлер"  мен видео авторларын табу оңай емес. Шығыс Қазақстанның екі жоғары оқу орны мен алты медколледжінде бұндай студенттер жоқ екендерін айтып, жалтаруда. 

“Бәрімізге өз кәсібіне кімнің осылай қарап жүргені қызық. Этика, эстетика жоқ. Бұл біздің аудитория емес, біздің студенттер емес. Өзімізге де бұл студенттердің қай оқу орнында оқитыны қызық”, – дейді Өскемен қаласының медициналық колледжінің тәрбие ісі жөніндегі директорының орынбасары Бауыржан Мұратбекұлы. 

Бірінші курс студенттерінің құқыққорғаушылар қорғап шықты.  Олардың пікірінше, бұл видео пандемия кезінде болып жатқан оқиғалардың медицинаға деген сенімсіздік тудыруынан қарағанда, әлдеқайда жақсы.

“Интернет гигиенасы болуы керек. Адамдар видеоны дұрыс қабылдап, олардың әлі бала екенін түсінуі керек. Біз бәріміз де жас болдық. Сондай-ақ, видеоны салмастан бұрын ойлану керек. Өйткені, бұл адамның тағдырына теріс әсер етуі мүмкін. Судент бұл іс-әрекетімен арсыздық көрсетті деп ойламаймын. Жай ғана түсініспеушілік әрекет шығар”, – дейді құқыққорғаушы Индира Какимова.




Көрілген: 371    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.09.2021, 16:17

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30