Ел жаңалықтары

Мұнай кеніштері онлайн аукцион арқылы 13 есе қымбатқа сатылған

  • Мұнай кеніштері онлайн аукцион арқылы 13 есе қымбатқа сатылған

    Мұнай кеніштері онлайн аукцион арқылы 13 есе қымбатқа сатылған

Энергетика вице-министрі Жанат Жахметова орталық коммуникациялар қызметінде көмірсутектерді барлау жəне өндіру құқығына арналған онлайн аукционның нəтижелерін қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрлік өкілінің сөзінше, отын-энергетика кешеніндегі Е-аукцион сервисі 2020 жылдың 1 қыркүйегінде іске қосылған. Алғашқы онлайн аукцион былтыр 23 желтоқсанда өткен болатын. Ал соңғысы биыл 23 сәуірде 8 учаске бойынша ұйымдастырылған.

«2021 жылғы 23 сәуірде өткен екінші электрондық аукционға бастапқы қол қою бонусы 713 млн теңге болатын 8 мұнай-газ учаскесі қойылды. Ал қол қою бонусының жиынтық сомасы бастапқы қол қою бонустан 13 есе асып, 9,3 млрд теңгені құрады. Көмірсутектерді барлау және өндіру үшін мемлекет ұсынатын 8 учаскенің жалпы ауданы 2 мың шаршы шақырымнан асады», - деді Жанат Жахметова.

Вице-министр бұл жолы аукцион өткен залдан онлайн-көрсетілім ұйымдастырылғанын да еске салды.

«Бұл оның Қазақстаннан да, шетелден де өтуін бақылауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, цифрлық форматта өткізілген аукциондардың мұрағаты сақталып отыр», - деді министрдің орынбасары.




Көрілген: 404    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.05.2021, 10:29

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30