Ел жаңалықтары

“Мұндайды естігенше, өлгенім артық еді”: Оралда 21 жастағы қызды өлтірді деп күдіктелген ер адамның әкесі ұлы жайлы айтты

  • “Мұндайды естігенше, өлгенім артық еді”: Оралда 21 жастағы қызды өлтірді деп күдіктелген ер адамның әкесі ұлы жайлы айтты

    “Мұндайды естігенше, өлгенім артық еді”: Оралда 21 жастағы қызды өлтірді деп күдіктелген ер адамның әкесі ұлы жайлы айтты

Анастасия Чернаяны өлтірді деп күдіктеліп отырған ер адам туралы мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды "Мой город" порталына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

Батыс Қазақстан облысының 27 жастағы тұрғыны қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Қазір ол ұсталды. Қылмыстың себебі әлі айтылған жоқ, жәбірленуші мен оны өлтірді деп айыпталған күдіктінің қандай байланыста болғаны да белгісіз.

 
Белгілі болғандай, ер адам 13 жастан бастап патронат отбасында тәрбиеленген. Одан басқа, отбасында асырап алынған басқа да балалар, отбасының туған қыздары да болған. Мұғалімдер мен көршілер бұл отбасына жақсы сипаттама береді.

Күдіктінің патронат ата-аналары үшін бұл жаңалықты естіп, есеңгіреп қалды.

“Жақсы оқыды, институт бітірді. Мамандығы бойынша жұмыс істемесе де, жұмыс істеді. Үйленді, балалы болды. Мұның қалай болғанын өзім де түсінбедім”, – дейді күдіктінің әкесі.


"Аймақты білетін болғандықтан, көмектесуге кеткен": Алматыдағы атыста қайтыс болған учаскелік инспектор жайлы әріптесі айтып берді


Отбасында одан бөлек асырап алған үш ұлы және туған қыздары бар.

“Балалары жақсы. Бір баласы мектепті “Алтын белгіге” бітірді. Бәрі өсіп өнді, тәрбиеленді. Бәрі жақсы болатын. Оған жанымыздан үй салып жатқанмын”, – дейді ер адам.

Күдіктінің әкесі бұл оқиғадан соң далаға шығудан қалғанын айтады. Ол Анастасияның ата-анасымен байланысып, көңіл айтпақшы. 

“Мұндайды естігенше, өлгенім артық еді”, – дейді ер адам. 

Айта кетейік, жас қыз 13 қыркүйекте жоғалып кеткен. Таңертең үйінен шығып, оралмаған. 2 күннен кейін шопан оның жараланған денесін ормандағы күл арасынан тапқан. 21 қыркүйекте жақындары марқұмның жерлеу рәсімдерін өткізді.




Көрілген: 347    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.09.2021, 11:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:44
    QAZFORUM-2021 БАСТАЛАДЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31