Ел жаңалықтары

«Мұныңыз не, Мұрат Жұманбай?»: әуреге түскен әлеуметті «мазақ еткен» шенеунік сынға ұшырады

  • «Мұныңыз не, Мұрат Жұманбай?»: әуреге түскен әлеуметті «мазақ еткен» шенеунік сынға ұшырады

    «Мұныңыз не, Мұрат Жұманбай?»: әуреге түскен әлеуметті «мазақ еткен» шенеунік сынға ұшырады

«Егер сіз осындай жазба қалдырған болсаңыз, кешірім сұрауыңызды талап етемін. Өйткені, бұндай жазба – білдей бір Азаматтарға арналған үкіметтің директорына сай келмейтін әрекет».

Алматы Қоғамдық кеңесінің сарапшысы, белгілі маркетолог Думан Қапасов facebook парақшасына Азаматтарға арналған үкіметтің басқарушы директоры Мұрат Жұманбайдан әлеуметтік желіге қарапайым халықты «мазақ етіп» салған суреті үшін жауап беруін талап етті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

 

 

Айта кетсек, содан бірнеше сағат бұрын Мұрат Жұманбай өз парақшасына лық толы автобусқа сыймай, бірін-бірі итерісе иін тіресіп тұрған қала тұрындарының суретін салып, оған «қазір eGov порталы мен enbek.kz сайтында» деп «анықтама» берген болатын.

 

Ал жоғары лауазым иесінің 42500 теңгенің өзін дәтке қуат еткелі тұрған тұрмысы нашар халықтың жағдайын бұлайша күлкі етуі Думан Қапасовқа ұнамай қалған.

«Бұл туралы не айтуға болады? Мұрат Жұманбай (Азаматтарға арналған үкіметтің басқарушы директоры), айтыңызшы, мынаны сіз бе жариялаған? Немесе менің жекеме келген мына суретті қалай түсінуге болады? Егер бұл рас болса, «жүз айналымға» баруға мәжбүр болған адамдарды мазақ етуге ұялмайсыз ба?..

Егер сіз жарияламаған боп шықсаңыз, суретті өшіретініме уәде беремін. Ал егер сіз осындай жазба қалдырған болсаңыз, кешірім сұрауыңызды талап етемін. Өйткені, бұндай жазба – білдей бір Азаматтарға арналған үкіметтің директорына сай келмейтін әрекет», - деп реніш білдірді ол.

Жазба астындағы пікірлер арасына шенеуніктің өзін тегтеп тұрып жауап күтсе де, одан ешқандай реакция байқалмады. Сол себепті, әлеуметтік көмектің әуресінен әбден қажыған жұрт оның «ит терісін басына қаптап» жатыр.




Көрілген: 1849    Пікірлер: 0

сенбі, 04.04.2020, 11:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31