Ел жаңалықтары

Мырзахметов пандемия туралы: келесі жылдың аяғына дейін жалғасуы мүмкін

  • Мырзахметов пандемия туралы: келесі жылдың аяғына дейін жалғасуы мүмкін

    Мырзахметов пандемия туралы: келесі жылдың аяғына дейін жалғасуы мүмкін

Карантиндік шектеулер кезінде 132 мыңнан астам адам шығынға батты. Бұдан бөлек, бір миллионға жуық бизнесмен коронавирус пандемиясынан зардап шекті. "Атамекен" палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов кәсіпкерлерді мазалап жүрген негізгі мәселе туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Отандық кәсіпкерлерді мазалап жүрген мәселеге келетін болсақ, пандемия көп нәрсені шектеп отыр. Көптеген салада бизнестің жабылып қалу қаупі бар. Бұл оңай кезең емес. Қазіргі болжамдар бойынша тағы жарты жыл, бәлкім, келесі жылдың аяғына дейін жалғасатын шығар", - деді Мырзахметов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 
Оның айтуынша, бизнеске карантиндік шектеулерден аман шығу маңызды. "Атамекен" палатасы өз кезегінде отандық кәсіпкерлерге барынша көмек көрсетіп, үкіметке өзекті проблемаларды жеткізіп тұрады. Қазірдің өзінде бизнес салық, кредит, жалға алу ақысы және әлеуметтік төлемдер жағынан жеңілдік жасап беруді жиі сұрайды. 

"Кәсіпкерлердің көбісі арзан кредиттер мен қайта қаржыландыруды сұрайды. Бүгінде бизнес үшін барлық бағдарламалар бойынша 6 проценттік мөлшерлеме белгіленген. Алайда кәсіпкерлер 2 процентке дейін төмендетуді сұрайды, я болмаса, Ресейде сияқты 0 процентке түсіру керек дейді. Бәлкім, локдаун қайталанса, осы шараларды қарастыруға болады. Президент тапсырма берді, біз үкіметпен бірге сан алуан сценарийді пысықтап жатырмыз", - деп атап көрсетті Мырзахметов.

Оның сөзіне қарағанда, "Атамекен" палатасы ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, зардап шеккен салалардың тізімін кеңейту жағын қарастыруда. Қазіргі мәліметке сәйкес, карантиндік шектеулер кезінде 132 мыңнан астам адам қатты шығынға батты. Бұдан бөлек, бір миллионға жуық бизнесмен коронавирус пандемиясынан әртүрлі мөлшерде зардап шекті.


Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/economy/20201030/15337937/pandemiya-merzimi-boljam.html




Көрілген: 983    Пікірлер: 0

жұма, 30.10.2020, 16:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30