Ел жаңалықтары

"Нақақтан жала жабылды": 30 жыл адмирал болған Жанұзақов таксимен күнелтіп жүр

  • "Нақақтан жала жабылды": 30 жыл адмирал болған Жанұзақов таксимен күнелтіп жүр

Қазақстан әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Нұр-Сұлтанда такси қызметімен күнелтіп жүр. Жандарбек Жанұзақов қызметін асыра пайдаланғаны үшін салынған 30 миллион теңге айыппұлды осылай төлемекші. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп хабарлайды. 

Экс-адмирал 5 жылға бас бостандығы шектеліп, барлық атақ-даңқынан айырылған болатын

"Соңғы кезде индрайвермен тасып жүрмін. Міне, қараңыз, ешбір терістігі жоқ", - дейді ол күнделікті жұмысы туралы.

30 жылдан астам уақыт өмірін әскери міндетке арнаған ол енді әр жолаушының қас-қабағына қарауды үйренді. Адмиралдың қомақты табысынан айырылып, такси қызметінің мардымсыз кірісіне мойынсұнып отырғанымен бұл еңбекті арсынбайды.

Теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысын қызметін асыра пайдаланып қазына қаржысына қол сұқты деген айыппен былтыр алты жылға абақтыға қамау үкімі шыққан. Күзде ісі қайта қаралып, жазасы біршама жұмсарды. Жанұзақовтың өзі тағылған айыппен келіскен емес.

"Жолаушыларыммен әңгіме-дүкен құрғаннан кетәрі емеспін. Әңгімелескенде бұрынғы әскери мансабым жайлы да жасырмаймын. Көбі вице-адмирал екенімді естіп, көлігіме қарап және такси қызметімен күнелтіп жүргеніме аң-таң болады. Не деймін оларға, отбасымды асыраудың басқа амалы болмаған соң, осы шаруаға иек артып отырмын. Әрине, мына жағдайыма өкпелеп қалатыным бар. Неге десеңіз нақақтан-нақақ күйіп кеттім", - дейді ол.




Көрілген: 365    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.01.2021, 23:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31