Ел жаңалықтары

Назарбаев Total президентінің отбасына көңіл айтты

  • Кристоф де Маржери. ©REUTERS

    Кристоф де Маржери. ©REUTERS

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Total компаниясының президенті Кристоф де Маржеридің қаза болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтты, - деп хабарлайды Ақорда.

Жеделхатта Нұрсұлтан Назарбаевтың Кристоф де Маржеридің Мәскеудегі "Внуково" әуежайындағы ұшақ апатынан қаза тапқаны туралы хабарды күйзеле қабылдағаны айтылған.

"Кристоф де Маржери кәсіпқой маман және беделді басшы болатын, Қазақстан мен Францияның достық қарым-қатынастарын нығайтуға және еліміздегі энергетика секторын дамытуға зор үлес қосқан ірі тұлға еді", – деп атап өткен Мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, Total француз энергетикалық концернінің президенті Кристоф де Маржери Мәскеудің "Внуково" әуежайындағы ұшақ апаты кезінде қайтыс болған еді. Falcon жеңіл моторлы ұшағы 21 қазанға қараған түні апатқа ұшырады. Төрт адам қайтыс болды. Ұшақ апатына оның ұшу жолағында қар тазалаушы машинамен соқтығысуы себеп деген жорамал айтылды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. "Внуково" әуежайының жұмысы біршама уақытқа тоқтатылып, қазір қалпына келтірілді.

Total басшысымен бірге экипаж мүшелері Рассья Перафорья Максим Жан Мари, Фалюк Руслана және Пикан Яннь Жак Жозеф те қаза тапты. Әуежайдың баспасөз қызметі Мәскеу - Париж рейсін орындаған ұшақтың бортында бір ғана жолаушы - Франция азаматы бар екенін хабарлады.




Көрілген: 1198    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.10.2014, 17:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Сәуір, 00:29
    Алматыда сел жүрді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30