Ел жаңалықтары

Назарбаев қамшы жайлы: Ауданның бастығына, совхоздың бастығына анда-санда көрсетіп тұру керек

  • Назарбаев қамшы жайлы: Ауданның бастығына, совхоздың бастығына анда-санда көрсетіп тұру керек

    Назарбаев қамшы жайлы: Ауданның бастығына, совхоздың бастығына анда-санда көрсетіп тұру керек



Прездидент телерадиокешенінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында Нұрсұлтан Назарбаевтың сирек видеосы пайда болды. Видеода Елбасының 1990 жылдардағы Қазақстан өңірлеріне сапары бейнеленген. Назарбаевпен кездескен ақ ниетті ақсақалдар бата беріп, басшының бас амандығын тілеген, деп жазады Stan.kz 



"Батаменен ел көгерер демекші, бата беру дәстүрі баға жетпес құндылығымыз және дәстүріміз. Сондай ізгі және мағынасы зор баталардың бірі-елбасшыға берілетін бата боп саналады. Мінекей, назарларыңызға осындай тариxи оқиғаның кинохроникасы Телерадиокешеннің жаңа жобасы "Лидер эпоxи Независимости" атты деректі фильмінде өз орнын тапқан. Жергілікті ақсақалдар республиканың жаңа басшысына батасын берген сәттері бейнеленген", — делінді видео астындағы жазбада. 



Видеода Назарбаевқа тек қана жақсылықты тілеген қариялар, ел ағалары: "Қамшыны көрген сайын бізді еске алып жүріңіз", — деді. Өз кезегінде Елбасы: "Ауданның бастығына, совхоздың бастығына анда-санда көрсетіп тұру керек. Тәртіп болмаса, болмайды деген сөз ғой", — деп оларды күлдірді. Назарбаев ақсақалдардың ниеттері мен тілектеріне алғысын білдірді.  


 



 

 




Көрілген: 313    Пікірлер: 0

жексенбі, 23.06.2019, 10:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31