Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Назарбаевтың Ресейге сапары туралы сыртқы істер министрлігі пікір білдірді

14 маусым 2022, 14:34

Премьер-министрдің орынбасары, сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресейге сапарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тілеуберді сыртқы істер министрлігі бұл сапарға дайындық жасамағанын атап өтті.

"Алдағы сапар жайлы сыртқы істер министрлігіне ескертудің қажеті жоқ. Бұл тікелей тұңғыш президенттің кеңсесі мен Ресей президенті әкімшілігімен келісіледі", – деді министр үкімет кулуарында.

Оның айтуынша, министрлік кездесуде қандай мәселелер талқыланғанынан бейхабар.


"Ресей президентімен кездесуге тыйым салынған жоқ қой. Оның үстіне, екеуі бұрыннан келе жатқан достар", – деді Тілеуберді.

13 маусымда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Назарбаев Путинді Ресей күнімен құттықтады.

Сондай-ақ олар екі ел арасында қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толуына орай бір-біріне жылы лебіздерін жеткізді.