Ел жаңалықтары

Несиесі кешірілді: Алматы облысында төрт балалы жалғызбасты әке баспаналы болды

  • Несиесі кешірілді: Алматы облысында төрт балалы жалғызбасты әке баспаналы болды

    Несиесі кешірілді: Алматы облысында төрт балалы жалғызбасты әке баспаналы болды

Несие мәселесімен "31" арнаға хабарласқан төрт баланың әкесі Мейірбек Аралбаев баспаналы болды. Арнаның араласуымен сөйлеу, есту қабылетінен айырылған азаматтың банк алдындағы несиесі толық кешірілді. Енді төрт балалы әкеге "Харекет" қайырымдылық қоры бес бөлмелі үй сыйлады. Жалғызбасты әкеге жаңа үйдің кілтін әнші Ғаділбек Жанай табыстады.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мейірбек Аралбаев азамат "Сөздің шыны керек" бағдарламасына карантинге байланысты жұмыссыз қалып, науқас әйелінің емі үшін алған несиесі мен өзінің банктегі борышын өтей алмай жүргенін айтып, шағымданған еді. Тіпті марқұм жарның басына құлпытас та қоя алмай жүргенін айтқан.

 

Мұнымен қоса, ол жаңа оқу жылы басталар алдында балаларымды қалай оқытамын деген уайымға салынды. Дегенмен, оның мазасын алған мәселені "Харекет" қоры шешіп берді. Қор халықтан жиналған ақшаға Алматы облысы, Жамбыл ауданы Үмбетәлі ауылынан 5 бөлмелі баспана алып берді. 

Алғаш рет үй баспаналарында дастарқаннан дәм татқан балалардың қуанышында шек жоқ. Тіпті, керемет жаңалықты алдын-ала айтпай, тосын сый жасаған қор өкілдерінің тартуын көрген көпбалалы әке көз жасына ерік берді. 

"Харекет" қорының кезекті, яғни 279-шы баспанасының кілті жалғызбысты әке Мейірбек ағамызға бұйырып отыр. "Харекет" қайырымдылық қорының құрылғанына небәрі 3 жылдың жүзі болды. Қазіргі кезде шынайы баспанаға мұқтаж отбасылардың 279-шы баспанасы осы", - деді  "Харекет" қайырымдылық қорының Алматы қаласы бойынша өкілі Әлімжан Теміров.

 
 

 




Көрілген: 368    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.09.2020, 11:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30