Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Николя Саркози байларды жылатқысы келмейдi

06 мамыр 2011, 17:36

Дағдарыс кезiнде Еуропаның көптеген елдерiнде байларға салынатын салық мөлшерiн көбейту туралы әңгiме жиi айтыла бастады. Мәселен, Ұлыбритания үкiметi жылдық табысы 150 мың фунттан (160 мың еуро) асатындарға 45 пайызға дейiн салық салмақшы.
Ендi Франциядағы локомотив  зауытының кәсiподағы байлардан қосымша салық өндiрудi талап етуде. Бұл қаражат отандық экономиканы көтеруге тиiс деп санайды. Ал Николя Саркози қалталы француздардың төлейтiн салығын көбейтуден үзiлдi-кесiлдi бас тартты. Зауыт жұмысшыларының алдында сөз сөйлеген Саркози «Мен салықты көбейту үшiн сайланған жоқпын» деп кесiп айтты. Бұған дейiн Францияның заң әзiрлеу жылдық табысы 300 мың еуроны құрайтын отбасыларға қосымша салық салу туралы ұсыныс айтқан едi.
Бiрақ Саркозидiң басты қағидасы байларды желеп-жебеу екенi жұртқа аян. Тiптi сүйiктi президентiне француздар «блинг-блинг» деген лақап атты жапсырып қойған. Хип-хоп мәдениетiнде, жалпы ауызекi тiлде бұл «жылтыраққа әуес» деген мағынаны бiлдiредi. Мұнысы Саркозидiң қымбат сағатын көрсетiп мақтанғысы келетiн және жағажайда демалғанды тәуiр көретiн әдетiне қарап айтылса керек.