Нөсер жаңбыр күтіледі: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

16 мамыр 2022, 11:59

"Қазгидромет” 17-19 мамыр күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алдағы үш тәулікте Қара Теңіз ауданынан ауысатын циклон, еліміздің ауа райын анықтайтын болады. Осыған байланысты еліміздің көптеген облыстарында жаңбыр күтіледі: 18-19 мамырда оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, 19 мамырда солтүстікте қатты жаңбыр жауады.


Республика бойынша найзағай, бұршақ, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болжанады.