Ел жаңалықтары

Нөсер жауын, дауыл, найзағай: 11 маусымға арналған ауа райы

Синоптиктер 11 маусым күні ел аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттарға байланысты құбылмалы, тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Еліміздің оңтүстік-шығысында, таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жауады, жел күшейеді. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады, солтүстікте түнде және таңертең тұман болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады, бұршақ жауады. Жел жылдамдығы 23-28 м/с болады. Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, жел қарқыны 15-20, күндіз 25 м/с жетеді. Таулы аудандарда дауыл болады. Алматы облысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіліп, найзағай кезінде жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді. Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұршақ жауып, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл тұрады. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл көтеріліп, бұршақ жауады. Күндіз жел жылдамдығы - 25 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Ақтөбе, түнде Маңғыстау, күндіз Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Алматы, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.
ҚазАқпарат




Көрілген: 355    Пікірлер: 0

жұма, 11.06.2021, 01:41

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30