Ел жаңалықтары

Нұр-Cұлтанда сауда, ойын-сауық орталықтарына демалыста жұмыс істеуге рұқсат берілді

  • Нұр-Cұлтанда сауда, ойын-сауық орталықтарына демалыста жұмыс істеуге рұқсат берілді

    Нұр-Cұлтанда сауда, ойын-сауық орталықтарына демалыста жұмыс істеуге рұқсат берілді

Нұр-Сұлтанда санитарлық дәрігердің шектеу және карантиндік шаралар туралы жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қала тұрғындарына келесі талаптарды сақтауды жалғастыру тапсырылды:

  бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.), митингілер, шерулер, жиындар және т. б. өткізуге және қатысуға тыйым салу;
 қызметі жаңартылмаған объектілерге: бильярд, караоке, боулинг-орталықтарға, батуттар,компьютерлік клубтарға, түнгі клубтарға, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарына, оның ішінде лотерея ұтыстарына, жабық ғимараттардағы ойын алаңдары мен аттракциондарға, спорттық объектілерде орналасқандарды қоспағанда, оның ішінде  мұзды және роликті сырғанақтарға баруға тыйым салу;
 қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау.
Соныман қатар қалалық қоғамдық көліктің жұмысы(қарбалас сағаттарда автобустар санының ұлғаюымен, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен салонды өңдеу, барлық есіктерді ашу, жолаушыларға қолжетімді орындарда тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып және жолаушылар мен жүргізушілердің бетперделерді киіп жүруі) штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыралады.

Сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының қызметіне жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін белгілей отырып рұқсат етілді.

Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) орналасқан жеріне қарамастан, ғимараттардың ішінде 30-дан аспайтын отыратын орынның толуы бойынша шарттарды сақтаған жағдайда, бір үстелде 4-6 адамнан аспайтын отыру мен көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін белгілей отырып, жұмыс күндері жұмыс кестесі сағат 7:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері сағат 7:00-ден 23:00-ге дейін болатын тұрғын үйлерде орналасқан объектілерді қоспағанда, авто-экспресстің және тамақты жеткізу жұмыстарын штаттық режимде ұйымдастыру тапсырылды.

Құжаттың толық мәтінін мына жерден оқуға болады.




Көрілген: 355    Пікірлер: 0

жұма, 26.02.2021, 16:20

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30