Нұр-Cұлтанда суши жеп уланғандардың саны 90-нан асты

15 маусым 2022, 23:43

Елордада суши жеп ұшынғандардың саны 90-нан асты. Арасында 20 бала бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.
 
Осыған дейін үйінде емделгендер инфекциялық ауруханаға түскен. Өйткені тамақтан уланғандардың жағдайы түзелмей жатқан көрінеді.

9-маусымнан бастап инфекциялық ауруханаға астаналықтар жаппай түсе бастаған. Бірдей ауру белгілерімен келген адамдардың тамақтанған жері де бір боп шықты.  Демалыс күндері шығыс мейрамханасынан суши жеп немесе тапсырыспен алдыртқандар өздерін жәйсіз сезінген. Айналдырған екі күнде 64 адам ауруханадан бір-ақ шықты. Олардың саны күн сайын көбейіп жатыр.

Жаппай улануға әкелген сушидің бір бөлігі лабороторияда зерттеуде. Байқоңыр ауданында орналасқан қоғамдық тамақтану орны уақытша жұмысын тоқтатыпты. Егер улану фактісі анықталса, ірі көлемде айыппұл салынып, осы нүкте жабылады дейді санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті.

“Улану фактісі тіркелгеннен  кейін Байқоңыр ауданы санитария эпидемиология басқару басқармасы "Окадзаки" сауда орнына эпидемияға қарсы қаулы берген болатын. Оның ішінде жабылу жазылған болатын. 13 маусымнан бастап жұмысын тоқтатты. Уақытша жабылып тұр. Сараптама нәтижесі шыққаннан кейін белгілі болады”, – дейді Нұр-Сұлтан қаласы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары Жаннат Пірәлиева.

Еске салсақ, Нұр-Cұлтанда 60-тан астам тұрғын қоғамдық тамақтандыру орындарының бірінен уланып қалған болатын.