Ел жаңалықтары

Нұр-Сұлтан бораннан көз аша алмай жатқанда, Жетісай даласында қырыққабат пісті

  • Нұр-Сұлтан бораннан көз аша алмай жатқанда, Жетісай даласында қырыққабат пісті

    Нұр-Сұлтан бораннан көз аша алмай жатқанда, Жетісай даласында қырыққабат пісті

Елорда әкімдігі қала тұрғындарын барынша үйден шықпауға, қозғалысты шектеуге шақырды. Ал жетісайлықтар бүгін жинаған қырыққабаттарын базарларға шығарып, келісі 70-80 теңгеден сатып тұр.
Нұр-Сұлтан әкімдігі тұрғындарды боран соғуына байланысты үйден шықпауға және қозғалысты шектеуге шақырды, деп хабарлайды, Skifnews.kz ақпарат порталы, БАҚ ақпараттарына сүйене отырып.

«Қар борап, қатты соққан жел және боран соғуына байланысты барлық техника жұмылдырылды. Қала тұрғындарын барынша үйден шықпауға, қозғалысты шектеуге шақырамыз. Бұл сізді соқтығысудан, жол апатынан аман алып қалуы мүмкін. Себебі, көру мүмкіндігі тым төмен. Біз қазір қалада жұрмыз. Қар борап тастауына байланысты кейбір желерде қозғалыс тоқтап тұр. Сол себепті, кезекші техника қойып жатырмыз. Олар жолды тазалайды. Жел қатты соғып тұр», - деді Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев.

Қазгидромет мәліметінше, алдағы үш күнде осы ауа райы сақталады екен.

Бүгінде Нұр-Сұлтан тұрғындары желіде борап тұрған қардың суреттері мен видеоларын белсенді түрде бөлісіп жатыр. Екі ауысымда да сабақ болмады. Қала тұрғындары автобустардың тұрып қалып жатқанын да айтуда. Түннен бері қалада 35 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Ал Түркістан облысында, керісінше, қақаған қыстың ортасында Жетісай ауданында қырыққабат пісті. Қазір Жолдасбай Ералиев елді мекеніндегі Жаңадәуір ауылының дихандары 8 гектардан 120 тонна өнім алса, оның әр гектарынан 15 тоннадан өнім берген. Қазіргі таңда бұл қырыққабаттар Жетісайдың базарларында келісі 70-80 теңгеден сатылуда. 




Көрілген: 1051    Пікірлер: 0

жұма, 24.01.2020, 00:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29