Ел жаңалықтары

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мердігерлері бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды

  • Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мердігерлері бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды

    Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мердігерлері бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мердігерлері мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде бюджет қаражатын жымқырғаны белгілі болды. Фактіні қаржы мониторингі агенттігі анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Тергеу барысында қала әкімдігі тауар-материалдық құндылықтарды жоғары бағамен сатып алғаны анықталды. Мемлекетке келтірілген залал сомасы 1 млрд теңгеден асады", - деді агентікте.

 Ведомствоның мәліметінше, бұл қаражатқа 300 орындық балабақша салуға немесе медициналық мекемелер үшін сапалы жабдықтар сатып алуға болады.

"Қазіргі уақытта ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деп мәлімдеді қаржы мониторингі агенттігінде.

Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.




Көрілген: 375    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.02.2021, 13:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30